Өзбекстаннан 11 мыңға жуық адам пандемиядан кейін алғаш рет қажылыққа барады

713

Өзбекстандық қажылардың алғашқы топтары COVID-19 коронавирустық пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін қажылық парызын өтеу үшін сенбі күні Сауд Арабиясына ұшты, деп хабарлайды Интерфакс.  

Өзбекстаннан 11 мыңға жуық адам пандемиядан кейін алғаш рет қажылыққа барады

Коронавирустық пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін өзбекстандық қажылар үшін квота 7200-ден 10865 адамға дейін ұлғайтылды. Олар Мекке мен Мәдинадағы 4-5 жұлдызды қонақүйлерге орналастырылып, көлікпен, тамақпен және білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Өзбекстанның Дін істері комитетінің мәліметі бойынша, ел халқының 94 пайызы ислам дінін ұстанады. Республика азаматтарының тағы 3,5 пайызы православтық христиандар, қалғандары басқа діни конфессиялардың өкілдері. Өзбекстанда 16 түрлі конфессияның 2240-тан астам діни ұйымы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу