Қазақстан Өзбекстанда өсірілетін анар жемісін тасымалдауға рұқсат берді, деп хабарлайды Atameken Business.
Осыған байланысты Астанада екі мемлекеттің жауапты ведомстволары келіссөздер жүргізді. Келісім бойынша, өзбекстандықтар фитосанитарлық бақылауды күшейтуге тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында көрші мемлекеттен жеткізілген анардан "Комсток" құрты шыққан соң, Қазақстан импорттауға шектеу қойған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу