Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келе жатыр

778

Бұған дейін Ресей мен Қытайдан гуманитарлық жүк жеткен болатын.  

Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келе жатыр

"Астана – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Мирас Шекенов "ANTIKOR ORTALYGY" алаңында елге коронавирус инфекциясымен күресу үшін соңғы рет қандай гуманитарлық көмек келгенін айтып өтті.

"Қазір бізге Өзбекстан Республикасынан гуманитарлық көмек келе жатыр. Бұған дейін 15 шілде күні "СК Фармация" қоймасына елорданың медициналық басқармасына арналған гуманитарлық жүк келді. Ресей мен Қытайдан гуманитарлық көмек ретінде мыналар келді: матадан жасалмаған 2790 қорғаныс киімінің топтамасы, 22 мың үш қабатты бір реттік бетперде, сондай-ақ 236 қорап вируске қарсы "Коронавир" дәрісі келді. Сонымен қатар, 450 дана медициналық комбинезон, 3 мың дана хирургиялық қолғап, 15 дана контактісіз термометр, 2200 бетперде, 2040 хирургиялық маска және коронавирусті тексеру үшін 2084 ПТР тест келді", – деді Мирас Шекенов.

Айта кетсек, 15 шілде күні "Астана – адалдық алаңы" жобасы мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері және қоғам белсенділерінен тұратын мониторингтік топ құрылған болатын. Мониторингтік топ Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің медициналық мекемелерге дейін жеткізілуін бақылай бастады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу