Өзбекстаннан Қазақстанға импортталатын ТОП-10 өнім

817

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27%-ға артқан.

Өзбекстаннан Қазақстанға импортталатын ТОП-10 өнім Фото: atameken.kz

Өзбекстаннан Қазақстанға іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдары, газга айналған күйінде табиғи газ, жүзім, полиэтилен, құрма, күл мен қалдықтары, қышқыл шие, өрік, моторлы көлік құралдары, пияз импортталады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27%-ға артты. Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде  экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт 17,4%-ға өсті",  деп жазылған хабарламада.

 

"Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. Елдер арасында туындайтын практикалық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандандыру үшін халықаралық және үкіметаралық алаңдар құрылды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды.

Іскерлік кеңес аясында біз барлық мәселені тікелей пысықтай аламыз. Осы мәселелерді шешу іскерлік ынтымақтастықтың қарқынын арттурға ықпал етеді", деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік жөнінен үшінші (ҚХР және РФ кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы 8,9%. Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақстаннан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұқымы, қара және түсті металл, бейорганикалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу