2021 жылғы қазан айының 19-ы күні сағат 14:30 шамасында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" кеден бекетінің және "КҚЖТ" шекара наряды қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанға кірмекші болған "Volvo" жүк көлігін тексеру барысында, декларацияланбаған ақшаны анықтаған.
"Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы қаралғандықтан, Қырғызстан азаматына қатысты тиісті тергеу амалдарын жүргізу мақсатында, іс Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – делінген Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.