Өзбекстаннан Қазақстанға жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі артты

155

Былтыр бұл көрсеткіш 2 млн тоннаны құраған.  

Өзбекстаннан Қазақстанға жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі артты Фото: mir24

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі елдің жүк тасымалындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы теміржол арқылы жүк тасымалдау 31,4 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың 5 айында 8 млн тоннаға жуықтады. 2023 жылы автокөлік арқылы импорт пен экспорт тасымалы 1,8 млн тоннаны құрады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Нәтижесінде сауда мен тауар тасымалының көлемі артып жатыр. 2023 жылы Өзбекстаннан жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 2 млн тоннаға дейін жеткен. Бұл 2022 жылға қарағанда 5 пайызға артық. Бұл тұрғыда трансшекаралық инфрақұрылымды біркелкі дамыту да маңызды. Бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу пункттері қайта құрылып, жаңарып жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстар аяқталып, трансшекаралық пункттер толыққанды жұмысқа кіріседі деген сенімдеміз. Бұл шекарадағы кептеісті айтарлықтай азайтуға ықпал етеді", - деді Бейбіт Атамқұлов елордада өткен Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің 6-шы отырысында.

Төтенше және Өкілетті Елші шекарадан өту процесі жоғары стандарттарға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты.

"Бизнес кептеліс салдарынан уақыт пен ақшаны жоғалтып отыр. Сондықтан бұл мәселелерге жол бермеуіміз керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу