Өзбекстаннан Қазақстанның үш қаласына автобус қатынайтын болады

197

Автобустар Бұхара-Түркістан, Үргеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы бағыттары бойынша жүреді.

Өзбекстаннан Қазақстанның үш қаласына автобус қатынайтын болады Фото: uztrans.uz

Өзбекстаннан Ресейге, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жаңа халықаралық автобус бағыттары іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Өзбекстанның көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанға жаңа автобус рейстері Бұхара-Түркістан, Үргеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы (Тәжікстан аумағы арқылы) бағыттары бойынша жүретін болады.

Бұдан басқа автобустар Қырғызстан қалаларына жолаушылар тасымалдайтын болады: Әндіжан-Ош, Әндіжан-Жалал-Абад, Әндіжан-Арсланбоб, Касансай-Жалал-Абад, Бұхара-Бішкек.

Самарқанд пен Бұхарадан Душанбеге (Тәжікстан) тікелей рейстер ашылады. Нөкістен Үргеніш пен Бұхара арқылы Қытайдың Үрімші қаласына дейін жетуге болады. 

Сурхандария облысын Мәскеумен тікелей автобус рейстерімен байланыстыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу