Өзбекстанның 10 азаматы елден шығарылды

1050

Олардың арасында бірнеше жыл бұрын сот шешімімен үйіне қайтуы керек болған азаматтар да бар.

Өзбекстанның 10 азаматы елден шығарылды

Алматы полициясы Өзбекстанның 10 азаматын елден шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, 5-12 шілде аралығында қала аумағында "Заңсыз келуші" жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдік азаматтардың Қазақстанда шетелдіктерді заңсыз жұмыспен қамту фактілерін анықтау.

"ҚР Консулдығы және Полиция департаменті ұсталған азаматтарды Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін апарады. Барлық елден шығарылғандарға Консульдықтан өз елдеріне оралу туралы куәліктер берілді. Шығарылғандардың арасында бірнеше жыл бұрын сот шешімімен үйіне қайту керек болған, бірақ белгілі бір себептермен қайта алмаған, қаражаты мен құжаттары жоқ азаматтар да бар. Сондықтан, олар Өзбекстан Консулдығынан жеке басын куәландыратын құжаттарын алды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу