Өзбекстанның 52 адамы жанып кеткен автобус иесіне қатысты сот болады

679

 Автобус иесі қайғылы оқиғадан кейін жасырынып, оған халықаралық  іздестіру жарияланды.

Өзбекстанның 52 адамы жанып кеткен автобус иесіне қатысты сот болады

24 сәуір күні Өзбекстанның 52 азаматы жанып кеткен автобус иесіне қатысты басты сот талқылауы басталады, деп Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-тармағы бойынша айыпталып жатқан Ордухан Мехтиев сотқа тартылады.

Сот барысында жазасын өтеп жатқан бірқатар куәгерден жауап алуы  онлайн түрде жүргізіледі деп нақтылады баспасөз қызметі.    

2018 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тас жолында 57 адам бар автобус жанып, Ресейге жұмыс істеуге кетіп бара жатқан Өзбекстанның 52 азаматы қайтыс болған  еді. Тірі қалғандар ішінде Қазақстанның үш жүргізушісі мен екі Өзбекстан азаматы бар. Өрт автобуста от қолданудан болған.  

Бес айыпталушыға қатысты сот 2018 жылдың қарашасында болып, үш жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айрылды. Ал "Азия транзит сервис" ЖШС-ның екі жұмыскері 3,5 жылға бас бостандығынан айрылған.         

Автобус иесі қайғылы оқиғадан кейін жасырынып, оған халықаралық  іздестіру жарияланды. 2018 жылдың соңында ол  Өзбекстан аумағынан ұсталып, Қазақстанға әкелінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу