Бүгін Өзбекстанның алғашқы президенті болған Ислам Кәрімовтың Ташкенттегі резиденциясы Оксарай алдында оған арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды abctv.kz.
Республика бойынша ел көшбасшысына арналып қойылған алғашқы ескерткіштің ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, марқұмның жары Татьяна Карімова, парламент өкілдері мен үкімет басшылары, БАҚ өкілдері келді.
Президент ұзақ жыл жұмыс істеген Оксарой резиденциясында Ислам Кәрімов атындағы ғылыми-ағартушылық мемориалды кешен ашылады. Сонымен қатар Кәрімов атындағы республикалық қоғамдық қайырымдылық қоры орналасады.
Бұл шаралардың барлығы қаңтар айының соңында қазіргі президент Мирзиеевтың 25 қаңтарда елдің алғашқы президенті Ислам Каримовті мәңгі есте қалдыру туралы қаулысын жүзеге асыру аясында атқарылып жатыр.
Осы құжатқа сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын 30 қаңтар күні алғашқы президенттің туған күні аталып өтіледі.