Кеше Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылына жақын жердегі автожолда "Ақтау – Бейнеу" бағытында жүріп келе жатқан автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы Өзбекстанның ТЖМ хабарлады, деп жазады bnews.kz.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөліктен өрт шығып, оқиға орнында жеті адам көз жұмды. Олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматы. Қазақ болғандардың аты-жөні анықталды. Болжам бойынша олар "Лада Ларгус" автокөлігінде болған.
"Аллаяров Расулбек Кузибоевич, 23.02.1981 жылы туған, Душамов Зокир Куранбоевич, 11.04.1977 жылы туған, Рахимов Шерзод Сапарбоевич, 12.07.1980 жылы туған, Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, 27.10.1995 жылы туған, Мадаминов Гайрат Розматович, 13.10.1985 жылы туған, Балтаев Махмуджон Сабуржан угли, 21.09.1995 жылы туған", - делінген хабарламада.