"Хижняк Олимпиаданы әділ ұтты": Өзбекстанның бас бапкері Нұрбек Оралбайдың қарсыласына баға берді

4358

Бұл туралы Киличев Украина журналистеріне берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Хижняк Олимпиаданы әділ ұтты": Өзбекстанның бас бапкері Нұрбек Оралбайдың қарсыласына баға берді Фото: Repost.uz

Тулкин Киличев Александр Хижняктың алтын медальға лайықты қол жеткізгенін атап, қатты қуанғанын жасырмады.

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Париж Олимпиадасында чемпион атанған Украина боксшысына қатысты пікір білдірді.

"Александр Хижняк Олимпиада алтыны үшін үлкен еңбек сіңірді. Ол бұл жолда көптеген нәрсе жасады. Қалай айтсам болады? Токиодағы финалды өздеріңіз білесіздер. Содан кейін ол шыдады, күтті, бәріне төзді. Соңында ол таза еңбек сіңіріп, мақсатына жетті. Мен боксшы, бапкер ретінде Хижняктың чемпион атанғаны өте қатты қуандым", - деді ол.

Алексендр Хижняк Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынап, финалға дейін жетті. Ол шешуші айқаста Қазақстан өкілі Нұрбек Оралбаймен шеберлік байқасып, төрешілер шешімі бойынша басым түскен еді.

Айта кетсек, Хижняк Токио Олимпиадасында финалға шығып, күміс жүлдегер атанған. Украина боксшысы Бразилия өкілімен болған жекпе-жектің үшінші раундында нокаутқа түсіп қалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу