Дауыл тұрып, Арал теңізінің тартылған табанынан көтерілген тұз Өзбекстанның батыс бөлігін басып қалды. тұзды шаң-тозаң Түркіменстанға дейін жеткен, деп хабарлайды islam.kz.
Өбекстан құрамындағы Қарақалпақстан орталығы Нүкіс қаласында 40 градус аптап ыстықтан кейін артынша ауа температурасы бірден 20 градусқа төмендеп, жаңбыр жауған, артынша дауыл тұрған. Тартылған теңізден көтерілген тұзды шаң қаланы тұтас басып қалды. Қала тұрғындарының тыныс алуы қиындап, бетперде киюге мәжбүр болды.
Тұзды дауыл сондай-ақ Хорезм, Бұхара, Науаи облысы мен Түркіменстанның Дашоғыз облысына да жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу