Өзбекстанның батысында су қоймасындағы бөгетті су жырып кетті

2625

 Оқиға орнына шамамен 900 құтқарушы және 200-ге жуық техника жұмылдырылған.     

Өзбекстанның батысында су қоймасындағы бөгетті су жырып кетті

Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов Сардоба су қоймасының жарылған жеріне келді, деп хабарлайды Өзбекстан ТЖМ  баспасөз-қызметі. 

"Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарынан су тасқыны болған жерге келді", – деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 1 мамырда бөгеттің алты пикет қабырғасынан су аққан. Нәтижесінде Сардоба облысының Қорғантеп ауылын су басты. Су басу қаупі бар бірқатар елдімекендерді эвакуациялау жоспарлануда.

Қазірдің өзінде 11 мың 598 адам эвакуацияланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына шамамен 900 құтқарушы және 200-ге жуық техника жұмылдырылған.
   
Сардоба су қоймасының гидравликалық құрылымында 922 млн текше метр су жиналды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу