Оралда 13 қараша сағат 23:10 шамасында қызмет өткеру кезінде Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдік тудырған Volkswagen Passat автомашинасын тоқтатады.
Алайда автокөлік жүргізушісі көлік құралын тоқтату туралы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастырады және рөлге ие болмай Абдолов көшесінде орналасқан үйдің қақпасына түйіседі. Содан кейін полиция қызметкерлері күдіктіні ұстайды.
Тексеру барысында көлікте Өзбекстан Республикасының 1996 ж. т. екі азаматы болғаны және сараптама қорытындысы бойынша екеуіде орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғандығы анықталады.
Сонымен қатар тәртіп бұзушылар аталған автокөлікті айдап алып кеткені және ол көлік Бәйтерек ауданының 1978 ж. т. азаматқа тиесілі екені анықталды.
ҚР ҚК 200-бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталды.