Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті

845

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Ташкентте Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін, сондай-ақ тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты.

Бұдан басқа, министр қандастарға Қазақстан азаматтығын алу бойынша тиісті құжаттарды беру, қандастар қатарындағы жастар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілетін квоталар туралы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі мен мерзімдері айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті.

Сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда әлемдегі ірі қазақ қауымдастықтарының бірі тұрып жатыр. Өткен жылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ташкентте "Abai Uii" мәдени-іскерлік үйі ашылды.

Министрмен кездесуге Өзбекстан қазақ жұртшылығының көрнекті өкілдері, оның ішінде республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С. Үсенов, академик, профессор Қ. Сейданов және басқалар қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу