Өзбекстанның оңтүстік аймағы газсыз қалды

455

Оның негізгі себебі – газ құбырындағы апат. 

Өзбекстанның оңтүстік аймағы газсыз қалды Фото: inbusiness.kz

Өзбекстанның Сурхандария облысында магистральдық газ құбырында апат болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты облыс әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін Бандихан ауданының аумағы арқылы өтетін" Музработ-Душанбе" магистральдық газ құбырының 101-190 км учаскесінде апат орын алды", — делінген хабарламада.

Қазір облыстың басым бөлігі көгілдір отынсыз жағдайда отырғаны атап өтілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:30-дан бастап Термез облыстық орталығында және облыстағы 15 ауданның тағы тоғызында көгілдір отын беру тоқтатылды.

"Қазіргі уақытта, төтенше жағдайларды жою және табиғи газ беруді қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп қосты облыстық әкімшілікте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу