Өзбекстанның шөлейт аймағында ірі жасанды көл пайда болды

390

Табиғи жауын мен су жүйелері жаңа көлдің пайда болуына әсер етті.  

Өзбекстанның шөлейт аймағында ірі жасанды көл пайда болды Фото: Экологическая партия Узбекистана

Өзбекстанның Бұхара облысы Пешкун ауданындағы Газли ауылының солтүстігінде нөсер жауыннан кейін көлемі шамамен 80 шаршы шақырым болатын үлкен жасанды көл пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Сарапшылардың айтуынша, бұл көлдің аумағы Бұхара қаласы мен Шарбақ су қоймасынан да үлкен.

Экологиялық партияның мәліметінше, соңғы алты айда өңірде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден үш есеге артқан. Соның нәтижесінде бұрын құрғақ аймақ саналатын Шұрбұлақ маңында су жиналып, жаңа көл пайда болған.

Дегенмен мамандар бұл құбылысты тек табиғи факторлармен ғана түсіндірмейді. Олардың айтуынша, су айдынының қалыптасуына инфрақұрылымдық жобалар да әсер еткен. Атап айтқанда, Су ресурстары министрлігінің бағдарламасы аясында жерасты сулары арнайы каналдар арқылы 126 шақырымдық коллектор жүйесімен жаңа су қоймасына бағытталған.

Сарапшылар жаңа көлдің экожүйеге әсері мен ұзақ мерзімді тұрақтылығына қатысты қосымша зерттеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу