Өзбекстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейге жасамақ

840

Өзбекстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейге жасамақ

Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзиёев өзінің алғашқы ресми сапарын Ресейге жасамақшы, деп жазады Өзбекстан үкіметіндегі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасаған "Известия" басылымы.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Өзбекстанның жаңа басшысының алғашқы ресми сапары Ресейге жасамақ ниетін Кремль оң бағалағанын жеткізді.

"Бұған оң баға береміз. Келуін күтудеміз", – деді басылымға Песков.

Өзбек тарапынан Мәскеуге жоспарланған алдағы сапар туралы ақпаратты елдің үкіметіндегі басылымның жоғары лауазымды дереккөзі растады.

"Өзбек ведомстволары  жаңа президент Шавкат Мирзиёевтің Ресейге ресми сапарына  дайындыққа кірісіп кетті. Аталмыш министрліктер  президентке арнап талдауларды дайындаумен айналысып жатыр.  Президентті ұлықтау жаңа жылға дейін өткізіледі, ал ресми сапар келер жылдың қысына немесе көктемінде болады", – деді Өзбекстан үкіметіндегі дереккөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу