Шымкент қаласындағы өзбек тауарлары көрмесіне қатысқан кәсіпкерлер Қазақстанмен сауда қатынасы дамығанын қалайды. Бірақ, қазақстандық тарап өкілі ішкі нарықты қорғау қажеттігін алға тартып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
12-13 мамырда Шымкентте көрмеге қатысқан кәсіпкер Салохиддин Зайнудинновтың айтуынша, саудагерлер өнімдерін Қазақстанда қымбатқа сата алды.
“Мысалы, бізде 85 мың сом (шамамен жеті мың теңге) тұратын сәнді затты Шымкентте 450 мың сомға сатуға болады. Шымкентте көрме өтетінін естіп, біз қатты қуандық”, – дейді ол.
Бағдаршам және жол белгілерін өндіруші Сергей Трахтенберг өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің саясаты Қазақстанмен сауда қатынасын дамытады деп үміттенеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер басқармасының бөлім басшысы Хикматулла Райымбеков өзбек тауарларының бағасы арзан екенін, бірақ ішкі нарықты да қорғау қажеттігін мәлімдеді.