Өзбектің байлары қазақ байларына үлгі болса игі

1201

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың телесұхбаты жаппай әңгімеге өзек болып жатыр. Біреу олай дейді, біреу былай дейді. Мақтаған да, даттаған да уәж табады. Дегенмен де қоғамның ойланып қалғаны байқалатындай.

Өзбектің байлары қазақ байларына үлгі болса игі

Сан алуан өзекті мәселелердің бәріне өзінің елді басқарушы ретіндегі ұстанымы табанды екені көрінді. Миссиясының өзі мемлекет пен қоғамды дұрыс жолға қою екенін жұқалап жеткізіп отыр. Асып-таспай, әр нәрсені жөнімен, дәйекті етіп жеткізетін  мәдениеті басшы атаулыға үлгі боларлық деуге де келеді екен. Ал ең бастысы – әлемге де, жекелеген тұлғаларға да жалтақтамау, өз еліміздің мүддесін бәрінен жоғары қою мінезін аңғартқан сияқты.

Сұхбаттың орысша берілгенін жақтырмағандар аз емес, әрине. Дегенмен орысша берілген сұхбатының лезде әлемге тарайтын жағы тағы бар емес пе. Әрі келген журналист қазақстандық орыс болса... Өзге шет елдерден сұранған сұхбаттардан бас тартып келген екен, осы жолы келісім беріпті. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жазбасында Президенттің келесі сұхбаты міндетті түрде қазақ тілінде жүргізілетініне уәде етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу