Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар пайда болды - ІІМ

Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы ешқашан жүргізбейді.  

Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар пайда болды - ІІМ Фото: khabar24.kz

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеген жөн. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы ешқашан жүргізбейді. Өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, карталардың дерегін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыздар", - деп атап өтті Арман Оразалиев.

Сонымен қатар белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді айтпаған жөн.

Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбей, тек тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісім жасау қажет. 

"Күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыздар. Азаматтар айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіс. Белгісіз адамдардан келіп түскен сілтеме бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Сондай-ақ өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеру қажет" - деді ІІМ өкілі Арман Оразалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу