Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ел аумағында коронавирус пандемиясына қарсы "С" жоспары жүзеге асырылып жатқанын баяндады.
"Бірнеше қалада төтенше жағдай жарияланды. Өңірлер карантинге жабылды. Бұған дейінгі "B" жоспары белгілі бір территориялық аумақта іске асырылса, "С" жоспары тұтас елді қамтып отыр. Қазір ел аумағында "С" жоспары жүзеге асырылып жатыр", – деді шаһар басшысы.
Алтай Көлгіновтің сөзінше, елімізде төтенше жағдайды елемей жүрген адамдар бар.
"Тәуекелді түсінбей жүрген тұрғындар бар. Оларға айтарым: өздеріңізді ойламасаңыздар, өзгелерді ойлаңыздар", – деді Алтай Көлгінов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу