"Өзекті емес": Облыс әкімі Петропавл қаласының атауын өзгерту мәселесіне тоқталды

267

Әкімнің сөзінше, қаланың атауын өзгерту тақырыбы қазір өзекті емес. 

"Өзекті емес": Облыс әкімі Петропавл қаласының атауын өзгерту мәселесіне тоқталды Фото: pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің ойымша, бұлқазіргі таңда өзекті емес. Өйткені бізде абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік дамуға қатысты басқа да көптеген мәселелер бар. Қазір ол мәселелер екі еселенген. Мен мәселе көтерілмейді деп айтпаймын. Атын өзгертуді жақтайтындар да бар. Алайда қазір уақыты емес деп айтатындар бар. Бұл мүлдем саяси мәселе емес", – деді ол.

Өңір басшысы ең алдымен, халықтың пікіріне назар аударатынын айтты.

"Көпшілік атауды өзгертуді қолдаса, бұл мәселені қараймыз", – деді ол.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров облыстың әкімшілік орталығы Қызылжар болып қайта аталмайтынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу