Өзен арнасынан жасөспірімнің мәйіті табылды

922

29 шілде күні Үштөбе қаласының маңында Қаратал өзеніне шомылуға кеткен 13 жасар Иса Бекбаев із-түссіз жоғалған еді.

Өзен арнасынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Алматы облысында суға батып кеткен баланың денесі 4 айдан кейін табылды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2018 жылы 29 шілде күні Үштөбе қаласының маңында Қаратал өзеніне шомылуға кеткен 13 жасар Иса Бекбаев із-түссіз жоғалған.

Полицияның жеке құрамы, төтенше жағдай қызметі, баланың туған-туыстары және еріктілер тарапынан бірнеше мәрте ұйымдастырылған ауқымды іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеген.

21 қазан күні оқиға орнынан үш шақырымда орналасқан Қожбан ауылының тұсында өзен арнасынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

"Баланың мәйітін туыстары таныды. Қазіргі таңда осындай жағдайларда жүргізілуге тиіс сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы баланың неден қайтыс болғанын анықтайды. Бастапқы нұсқа бойынша жасөспірім суға батып кеткен. Бұл туралы куәгер де айтқан болатын",- деп хабарлайды полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу