"Өзен-Атырау-Самара" құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстары аяқталды

"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. 

"Өзен-Атырау-Самара" құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстары аяқталды Фото: ҚазТрансОйл

"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының 720 мм 1190,4 – 1235,4 шақырымында жаңадан салынған құбыр учаскелерін және 1235 шақырымдағы қабылдау-тапсыру бекетін қосу жұмыстарын жүргізді.

"Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін "Атырау-Самара" учаскесінде "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды. Барлық техникалық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде орындалды", – деп хабарлады компанияда.

Жұмыс Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта жүргізілгендіктен, Атырау мұнай құбыры басқармасы "Транснефть-Приволга" АҚ-мен учаскені қосу бойынша жұмыс жоспарын келісіп, жұмысты орындау үшін мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінің режимін ескере отырып, арнайы техниканы көрші елдің аумағына өткізіп, оның жұмысын жүргізу үшін және  жұмыскерлер мен олардың құрал-жабдықтарын өткізу үшін барлық қажетті құжаттар рәсімделді.

"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. Мұнай "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалы мен Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі. 2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ қазақстандық мұнайды "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы және одан әрі Германияға одан әрі жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізе бастады. Бұл ретте "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі Тоймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не жеткізіледі.

2022 жылы "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы барлығы 9 млн 438 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу