Өзен кен орнынан жаңа мұнай шоғыры табылды

1832

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзен кен орнынан жаңа мұнай шоғыры табылды

"2017 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС және "Ақтау қаласындағы ҚМГ Инжиниринг" филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болды. Осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдары ішінде жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді. Барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалды (7 500-ден астам), геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ға ұлғайды. Бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутектің нақтыланған көлемін балансына 2021 жылдың соңында қабылдаған. Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орнын игеру жобасына түзету енгізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу