Өзен-көлдерді бақылау үшін 81 миллион теңгеге қондырғы сатып алынды

834

Өзен-көлдерді бақылау үшін 81 миллион теңгеге қондырғы сатып алынды

Алматыға енді селден келетін қауіп сейіледі деп мәлімдеген төтеншеліктер таудағы өзен-көлдерді бақылайтын мықты қонырғыға сеніп отыр. Ол құрал су тасқынын алдын-ала сезіп қояды, деп хабарлады ktk.kz.
Қорап секілді қондырғы бірден көзге ілінбейді. Есесіне, ол айналадағының бәрін бақылап отыр. Таудағы температура сәл көтерілсе болғаны, ол дереу құтқарушыларға белгі береді. Электр қуатын қажет етпейтін құрал, осылайша, сел жүру қаупін алдын-ала ескертіп отырады. Күн көзінен қуаттанатын қондырғы тіпті желдің бағытын да есептейтін көрінеді. Ол мұздықтарды қадағалауға аса қажет екен.

Алматының таулы аймағында 36 көл болса, соның 9-ынан қалаға қауіп бар. Тасқын келгенде тосылып қала беретін төтеншеліктер ақыры осы қондырғыларға тапсырыс беріпті. Бұл шаруаны атқаруға бюджеттен 81 миллион теңге жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу