Өзен суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы үйлерге қауіп төндіріп тұр

1148

Қазіргі арақашықтық шамамен үш метрдей. 

Өзен суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы үйлерге қауіп төндіріп тұр

Шымкенттегі Сайрам өзенінің суы арнасынан асып, жағалаудағы үйлерге жетіп қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Тұрғындардың айтуынша, өзен суы соңғы жылдары күрт көтеріле бастапты. Алайда ол кезде ешкім мән бермесе керек. Енді жауапты мамандар ұзындығы 300 метрдей бөгет тұрғызып, қауіптің алдын алуға кіріспек.

"Қауіпті жағдайда болғандықтан, біз 2019 жылы бұл мәселені әкімшілік тарапынан көтерген болатынбыз. Мәселе қазір шешімін тапты. Түркістан облысының жолаушылар көлігі басқармасында 350 млн теңге қарастырылған. Жаға бекіту жұмыстарында бізге қалалық әкімдік тарапынан жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Бұл жұмыстарды 1-2 айдың ішінде толық бітіріп, қауіпті деген сегіз үйдің мәселесін шешуіміз керек",- дейді қалалық ТЖБ бастығы Нұрболат Дербісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу