Өзендердегі мұзды жаруға 14 тонна жарылғыш зат қолданылды

1262

Мұз кептелісін болдырмау үшін сақтық шаралары жалғасуда.

Өзендердегі мұзды жаруға 14 тонна жарылғыш зат қолданылды

Бүгін төтенше жағдайлар комитетінде Ішкі істер министрінің орынбасары елімізде су тасқынының алдын алу үшін қандай сақтық шаралары қарастырылып жатқаны туралы баяндады, деп хабарлайды polisia.kz.

Ю.В. Ильиннің айтуынша бүгінде министрлікте жалпы саны жеке құрамнан 9 мың адам және 1,5 мыңнан астам бірлік техникадан тұратын арнайы күштер мен құралдар тобы құрылған.

"Су тасқыны жағдайы ықтимал күрделенген кезге басқа өңірлердің  қосымша жеке құрамнан – 2 044 адам, 214 бірлік – техника, 30 – жүзу құралы және 86 мотопомпа күштері мен құралдары жедел ден қою үшін әзірлікте тұр",– тұр дейді ол.

Елімізде жалпы 16 наурыздан бастап жергілікті және республикалық маңызы бар автожолдарды су басуға қатысты 5 жағдай тіркеліпті (Ақмола – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 3). Қазір бәрі қалыпқа келтірілген.

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты, өзендерде мұз көбесі сөгіліп, сең жүр бастады. Мұз кептелісін болдырмау үшін сақтық шаралары жасалуда.

"14 тонна жарылғыш заттарды қолдана отырып, 123 мұз жару жұмыстары жүзеге асырылды (Шығыс Қазақстан – 11, Қарағанды – 6, Қостанай-13, Солтүстік Қазақстан – 6 және Ақмола -87 облыстары). 11 мың шақырым арықтарды және арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 15 мың текше метр қар шығарылды. Автомобиль жолдарында 25 мың және теміржолдарда – 5 мың су өткізу құрылыстары тазартылды. Ақмола (Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймаларында), Қарағанды (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймаларында), Солтүстік Қазақстан (Сергеевское және Петропавл су торабы) облыстарындағы су қоймаларында қажетті бос көлемдерді құру жұмыстары жалғасады",– дейді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, өңірлерде 165,3 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, 417,2 шақырымда су тасқыны қаупі бар өзен жағаларын бекіту, түбін тереңдету, түзету, 186,7шақырымда су бұру арналарын орнату бойынша су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр.

"Су тасқынының алдын алу және олардың салдарын жою үшін 14 мың тонна жанар-жағармай, 190 мың тонна инертті материалдар, бір миллионнан астам қап және 51 тонна көлемінде жарылғыш заттар қоры дайындалды",– дейді ІІМ-нен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу