"Өзенэнергосервис" мекемесі 3 жыл бойы бизнес орталығына электр қуатын қосудан бас тартқан

568

"Өзенэнергосервис" мекемесі кәсіпкердің бизнес орталығына электр қуатын қосуға техникалық шарттарды ұсыну туралы өтінішін қарау кезінде негізсіз қағазбастылық туғызған.

"Өзенэнергосервис" мекемесі 3 жыл бойы бизнес орталығына электр қуатын қосудан бас тартқан Фото: Google

2020 жылдан бері тіпті іскердің жазбаша өтініштеріне тиісті жауап бермегені де белгілі болды.

Мәселесін шеше алмаған кәсіпкер Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінуіне тура келді. Департамент аталған мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіп, нәтижесінде Жаңаөзен қаласындағы "Салтанат" бизнес орталығына электр энергиясын беру туралы шешім қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу