"Өзенмұнайгаз" АҚ 118 заңбұзушылық жасаған

662

Бүгінгі таңда 7 іс құқық қорғау органдарына жолданды.

"Өзенмұнайгаз" АҚ 118 заңбұзушылық жасаған Фото: ozen.kz

Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз"  мекемесінде 118 заңбұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда 7 іс құқық қорғау органдарына жолданды. Тағы 10 дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі 

Ал жүзден астам мәселеге қатысты қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылады. Бұл туралы арнайы жұмыс тобы мәлімдеді. Олар аталған компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін, өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен еншілес мекемелердің жұмысын тексерген. Бақылаушы комиссия өкілдері лауазымды тұлғалардың өкілеттігін теріс пайдалану, жалған сертификат жасағанын анықтады.

"Жалпы 44 адам алгоритмнен тыс ауттстафингке ауысты. 11 адам "ӨзенИнвест" мекемесінің тізіміне енгізілмеген. Бірақ, жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар, 113 адам әртүрлі заңбұзушылықтар арқылы жұмысқа орналасқаны анықталды. Мына "Өзенмұнайгаздағы" сирек қолданыстағы мамандықтар бойынша 50 қызметкер сәйкес емес лауазымдарға ауыстырылған", - дейді "ҚазМұнайГаз" ҰК ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Әділ Атабаев.

Естеріңізге сала кетейік, елордаға келген мұнайшылардың дауынан кейін "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы еншілес мекемені тексеру бойынша комиссия құрған болатын. Жуырда қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен "Өзенмұнайгаз" компаниясы бастығының орынбасары қамауға алынған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу