"ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

2038

Ол мемлекетке 46 млн. теңгеден астам залал келтірген.

 "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды Фото: ozen.kz

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келгені бойынша күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын "Өзен Мұнай Газ" АҚ-на заңсыз кіргізген.

Дегенмен, компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекке тіркелген.

Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды.

Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан  мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарынөрескел бұзылуына әкеп соққан.

Тергеумен Б. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексерілуде.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық процестік кодекстің  201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу