"ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды

253

Келтірілген шығып көлемі 1 млрд теңгеге жуық. 

"ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды Фото: Inbusiness.kz

Тергеу барысында "ӨМГ" АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды.

"ӨМГ" АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығып көлемі 623 млн теңге. 

Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған "ӨМГ" АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды.

Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу