"Өзге компанияның технологиясын ұрлаған": Apple өз сағаттарын сатуды тоқтатты

357

Компания сотта жеңілді.

"Өзге компанияның технологиясын ұрлаған": Apple өз сағаттарын сатуды тоқтатты Фото: ictinfo

Apple 21 желтоқсанда Apple Watch Series 9 және Apple Watch Ultra 2 смарт сағаттарын сатуды тоқтатады. Себебі оттегін өлшейтін сенсордың үлгісін басқа компаниядан көшірген. Бұл туралы inbusiness.kz  сайты The Verge басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл технологияны 2028 жылға дейін тағы бір америкалық компания - Масимо патенттегені белгілі болды. Тыйым тек 9 сериялы және Ultra 2 флагмандық үлгілеріне әсер етеді. Гаджеттердің басқа үлгілері сатылымнан жойылмайды.

Masimo бірнеше жыл бойы Apple компаниясымен соттасып келеді. Компания оларды Apple-ді импульстік оксиметрия технологиясын ұрлап, оны танымал смарт сағаттарға енгізді деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу