Өзгенің өмірі үшін өз өмірін қиған жасөспірім марапатталды

477

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қайтыс болған Владимир Гринбергті "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өзгенің өмірі үшін өз өмірін қиған жасөспірім марапатталды Фото: @aqmola_tjd

Владимир Гринберг биылғы шілденің 29-да Қорғалжын ауданында Нұра өзеніне отбасымен бірге демалуға барған. Жас батыр 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын көріп, көмекке ұмтылған. Кейін ересектер көмекке келіп, әкесі ұлын шығарып алған. Алайда, Владимир Гринбергтің өзін ешкім құтқара алмады, сол тұста суасты ағыны болғандықтан жасөспірім батып кетті.

"Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жасөспірмінің туыстарына адам өмірін сақтап қалғаны үшін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін медаль табыстады. Сонымен бірге департамент бастығы баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу