Полицияға қала тұрғыны түнде Бабатайұлы көшесіндегі техникалық қызмет көрсету бекетінің ауласында BMW автокөлігін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Көлік иесі аз уақытқа кетіп қалып, қайтып оралған кезде есігі ашық, оталып тұрған көлігін бейтаныс ер адамның жүргізіп бара жатқанын көрген.
Жәбірленуші ұрының артынан жүгіргенмен, оны қуып жете алмаған. Анықталғандай, өтіп бара жатқан жолаушы көліктің отаулы күйде есігі ашық тұрғанын көріп, оны ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 27 жастағы азаматты анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.