Өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып отыр – депутат

212

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.   

Өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып отыр – депутат Фото: Конституциялық сот

Іс жүзінде өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Комиссия мүшелерінің кейбірінің баяндамаларында қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы емес, жаңа  Конституцияны қабылдау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл тұрғыда талқылауға шығарылып отырған нормалардың тұжырымдамалық сипаты мен көлеміне қатысты уәждер келтірілді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың кешегі баяндамасына сәйкес, ұсынылып отырған өзгерістер жүйелі әрі тұжырымдамалық сипатқа ие. Түзетулер Конституцияның 77 бабын қамтиды. Бұл негізгі заң мәтінін сексен төрт пайызын құрайды. Іс жүзінде өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып отыр. Жүргізіліп отырған конституциялық реформа аясында азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, Конституцияға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасы сіздерге ұсынылды", – деді депутат.

Жоба Конституцияның преамбуласын толықтай жаңа редакцияда қабылдауды көздейді. 

"Онда жаңартылған жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің миссиясы, тарихи контекст, сондай-ақ елдің одан әрі даму бағыттары көрініс тапқан. Сонымен қатар "Халық кеңесі" және "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" атты екі жаңа бөлім енгізіліп, тағы төрт бөлімнің атауы мен мазмұнына өзгеріс енгелі отыр. Конституциялық құрылымның негіздері елеулі түрде қайта қаралып, Президенттің басқару нысаны сақталады", – деп атап өтті Снежанна Имашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу