Өзі басқарған мекеменің техникаларын сатып, қашып кеткен басшы ұсталды

1765

Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 000 000 теңгеге жуық.  

Өзі басқарған мекеменің техникаларын сатып, қашып кеткен басшы ұсталды

Кентауда зауыттың бұрынғы директоры зауытқа тиесілі техникаларды сатып, ақшасын жеке пайдасына жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚК 189-бабы, яғни  "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелген.

Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде күдікті Алматы қаласынан ұсталды. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі 6 бірдей техниканы сатып жіберген. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Содан соң Алматы қаласында бой тасалап жүрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу