"Өзі ішпейді, намаз оқитын жігіт...": Байжановтың адвокаты үкімге қатысты пікірін айтты

457

Бұл оқиға болып жатқан 8 қарашадан 9-ына қараған күні Байжанов бала-шағасымен үйінде жатқан адам.

"Өзі ішпейді, намаз оқитын жігіт...": Байжановтың адвокаты үкімге қатысты пікірін айтты Фото: canva.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Бұл істе күдікті деп танылған Бақытжан Байжановқа ҚК-нің 432-бабы – аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу бабы бойынша 4 жыл жаза тағайындалды. Үкім оқылған соң Қ.Бишімбаев ештеңе деген жоқ, ал Байжанов бұл шешіммен келіспейтінін айтып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты NEGE.kz-ке cілтеме жасап.

Б.Байжановтың қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев бұл үкіммен келіспейтіндерін айтты.

Оның айтуынша, Байжановтың әрекетінде ешқандай да қылмыстың құрамы жоқ. Бұл туралы дәлелді егжей-тегжейлі сотқа да ұсындық.

"Қазір ғана изоляторға барып, Бақытжан Байжановпен кездесіп келе жатырмын. Бізде апелляциялық шағым түсіруге 15 тәулік уақыт бар. Келесі аптаның аяғына дейін міндетті түрде шағым береміз. Одан кейін Астана қалалық соты қарайды. Содан кейін ғана үкім күшіне енеді", - дейді ол.

Сонымен қатар ол Байжановтың сот үкімін ауыр қабылдағанын айтты.

"Өзіңіз ойлаңызшы, жазықсыз, ештеңені білмеген адамды 4 жылға соттап жіберді. Бұл оқиға болып жатқан 8 қарашадан 9-ына қараған күні Байжанов бала-шағасымен үйінде жатқан адам. Өзі ішпейді, намаз оқитын жігіт. Ол сол кезде "Таңертең жұмысқа барамын, кешке қарай қолыма кісен салып, 4 жылға соттап жібереді" деген ой басына кіріп те шыққан жоқ. Сот процесі басталмай тұрып-ақ бәрін Бақытжаннан бүге-шігесіне дейін сұрадым. "Таңертеңнен кешке дейін хронологиясын жазып шық" дедім. Өз басым Байжановқа 100 пайыз сенемін",  - деді адвокат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу