"Өзімді батыр сезінбеймін": Қызды құтқарған Мұса Әбдірайым әуежайдағы оқиға туралы айтып берді

928

Ол күдіктіге өзін кепілге ұсынып, бір сәттік алаңдаушылығын пайдаланып, оның қолындағы пышақты жұлып алған. 

"Өзімді батыр сезінбеймін": Қызды құтқарған Мұса Әбдірайым әуежайдағы оқиға туралы айтып берді Фото: tengrinews.kz

Алматы әуежайында қызметкерді құтқарған 52 жастағы Мұса Әбдірайым өз әрекетін ерлік деп санамайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мұса Әбдірайым сол күні әуежайға "Жігіттер" квартетін Қостанайға шығарып салуға барғанын айтты.

Әуежайда тұрғанымда айқай-шу естілді. Барсам, бір ер адам қызды пышақпен ұстап алып, полицияны жанына жақындатпай тұр. "Келсеңдер, пышақ сұғам" деп қорқытты. Сол кезде оған: "Қыздың орнына мені кепілге ал" дедім. Ол келісті, мен қыздың орнына тұрдым. Сөйтіп, бір сәт алаңдаған кезінде оның қолынан пышақты жұлып алдым, – деді ол.

Бес баланың әкесі бұл әрекетке не итермелегенін де түсіндірді.

Кепілдегі қыздың орнында менің қызым да болуы мүмкін еді. Сол себепті тек құтқаруды ойладым. Егер бір артық қимыл болса, қызға пышақ сұғып алатындай көрінді. Өзімді батыр сезінбеймін. Ал қандай да бір марапат болса, ол – халықтың ықыласы. Бірақ менің мақсатым – тек адамды құтқару болды, – деді Мұса Әбдірайым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу