Өзіме де, өзгелерге де қазақтардың атына жаман сөз айтуға жол бермеймін – Қадыров

2833

Ол қазақ халқын емес, ҰҚШҰ-ны сынап сөйлегенін айтты.

Өзіме де, өзгелерге де қазақтардың атына жаман сөз айтуға жол бермеймін – Қадыров

Бірде-бір шешен қазақ халқына қатысты жаман сөз айтуға жол бермейді, деп мәлімдеді Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Ол бұған дейін Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы аясында ҰҚШҰ елдері әрекетсіздік танытып отыр деп айтқан болатын.

"Мен ешқашан өзіме немесе басқа біреуге 1944 жылы шешендермен соңғы кесек нанын бөліскен қазақтарға жаман нәрсе айтуға жол бермеймін. Өзін құрметтейтін әр шешен осындай пікірде деп білемін. Ештеңені дәлелдеудің не түсіндірудің қажеті жоқ. Бұл ақиқат. Одан да жағдайды ушықтырып, қос халықтың қарым-қатынасына сызат түсіргісі келіп жүрген арандатушыларды іздеген жөн", – деп жазды Шешенстан басшысы өзінің Telegram-дағы парақшасына.

Ол қазақ халқын емес, ҰҚШҰ-ны сынап сөйлегенін айтты. 

"Бірақ мен саясат пен саясаткерлерді сынаймын, өз ойымды бүкпесіз білдіріп жүрмін. Менің айтқан сөздерімнен астыртын нәрсені іздеудің қажеті жоқ", – деді Қадыров.

Табиғат Нұрболат

Фото: gazeta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу