Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғыны үйінде қарасора өсірген болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ауыл азаматының үйіне "қонаққа" барған полиция қызметкерлері қарасораның жалпы салмағы үш келіден асатынын мәлімдеді. Өз кезегінде ер адам өсімдіктің бұл түрін саудалау үшін емес, өзінің жеке қажеттілігі үшін өсіргенін айтты.
"Тінту барысында жабайы қарасораның заңсыз өсірілгені анықталды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, заңсыз айналымнан шығарылған өнімнің салмағы үш келіден асады", - деп хабарлады полиция департаментінен.
Ер адам қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу