Өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет – Олжас Бектенов

904

Тұқымның импортына тәуелділік бойынша мәселе бар.  

Өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет – Олжас Бектенов Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Азық-түлік корпорациясына жинақталған қордан 200 мың тонна тұқымды фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет", - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 75%-дан астамы тозғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу