Өзімізге жетпей жатқан дизель Ресейге кетіп жатыр ма?

632

Бүтін Қазақстанды қыспаққа алған дизель тапшылығының тақым босатар түрі көрінбейді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Өзімізге жетпей жатқан дизель Ресейге кетіп жатыр ма?

Қазір бұл сұйық отынды табу қиын, тапқанның өзінде бағасы удай. Литрі кей жанармай бекеттерінде 330 теңгені алқымдады. Бұл уақытта өзімізге жетпей жатқан сұйық отын көрші Ресейге кетіп жатқан сияқты. Бұлай деуге батыстан келген видео түрткі болып отыр.

Апта басталғалы дизель тапшылығы ақтаулықтарға да оңай болмай тұр. Мұнда да сұйық отын тек қана талонмен саудалануда. Ол аздай, енді газ да қымбаттап кетті. "Мұнай мен газ өндіретін өңірде мәселенің шешілмеуі сын көтермейді" дейді тұрғындар.

Ай ауысқан сайын дизель бағасы да аспандап барады. Оған ұлттық статистика бюросының ақпараты дәлел. Мысалы, тамызда 207 теңге болған мұнай өнімі бір айда 33 теңгеге шарықтап шыға келді. Осылайша қыркүйекте дизель литрі 240 теңгеден саудаланды. Ел бойынша, бір айлық орташа  жалақы 1000 литр дизель сатып алуға да жетпейді. Енді бұл көрсеткіш тағы да қысқаруы мүмкін. Алайда елорда мен оңтүстік шаһар тұрғындары тапқан табысына мың литрден аса отынын ала алады. Республика көлемінде ең табысы жоғары атыраулықтар 1 556 л, ал кірісі төменірек шымкенттіктердің 753 л дизель алуға мүмкіншілігі бар. Көш соңын солтүстік қазақстандықтар 727,7 литрмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу