Өзін ақша айырбастау пунктінің менеджері деп таныстырып, 40 млн теңгені қолды қылған

915

Алмалы ауданында осыған ұқсас төрт қылмыс жасалған.

Өзін ақша айырбастау пунктінің менеджері деп таныстырып, 40 млн теңгені қолды қылған

39 жастағы ер адам екі жылдан астам уақыт бойы Алматы полиция департаменті тергеу органдарының жалған құжатын пайдаланып, елді алдаған, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

"Күдікті – 1981 жылы туған П.есімді ер адам. Алматы қаласының тұрғыны, ол, жедел түрде ұлттық валютада да, шетел валютасында да ауқымды биржалық операциялар жасауды қажет еткен адамдарды ғаламтор арқылы іздеген. Күдікті өзінің арам ниетін жүзеге асыру үшін, тиімді түрде валюта айырбастайтыны туралы жарнамалар ұсынды. Келіссөздер аяқталғаннан кейін, ол клиенттермен тек айырбастау пункттері үшін жалға алынған бөлмелерде кездесулер өткізген. Ол қолма-қол ақшаны алып, оның дұрыстығын тексеріп келемін деп артқы бөлмеге кіріп содан кейін төтенше есіктер арқылы қашып отырған. Бұл қылмыстардың бірегейлігі – шабуыл жасаушы өзін әртүрлі аттармен таныстырған және ол үшін жалған жеке куәліктер дайындаған", – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдікті қамауға алынды.

Жалпы Алмалы ауданының аумағында ол осыған ұқсас төрт қылмыс жасаған. Материалдық шығын 40 млн теңгеден асады. Аудандық ПБ тергеу бөлімі оның қаладағы қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні таныған тұрғындарды келесі нөмірлерге хабарлауға шақырады: 254-46-01; 254-46-08; 254-46-12; 8-775-106-18-84 және 8-708-707-92-02.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу