Өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтарға 14 адам алданып қалды

1157

Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтарға 14 адам алданып қалды

Полиция департаменті елорда тұрғындарын банк қарақшылығынан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның банктерінен өздерін банк қызметкері ретінде таныстыра отырып, жеке мәліметтерін алып, шоттардан ақшаларын ұрлаған фактілер жиіленіп кеткенін ескертеміз. Банктердің колл-орталықтарының нөмірлерінен 8-8000-800-819, 8-7272-58-35-55, 8-8000-8000-59 банктік карта иелеріне қоңырау шалып, алаяқтар, бағдарламалар қамтуды пайдалана отырып, алаяқтық жолмен алдау арқылы картаның құпия сөзін (пароль) алып және есепке кіру арқылы ұрлық жасайды", – делінген департамент таратқан хабарламада. 

Департаменттің мәліметінше, қазіргі таңда 14 адам арызданды және ол фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Егер де сіздерге осындай қоңырау түссе, өздеріңіздің реквизиттеріңізді бермеңіздер. Банкттердің қызметкерлері ешқашанда қоңырау шалмайды және дербес анықтама жинамайды", – делінген хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу