Өзін КСРО азаматы деп санайтын адамдар салық төлемеуі мүмкін – фейк

565

Қазнетте кезекті бір фейк ақпарат тарауда.

Өзін КСРО азаматы деп санайтын адамдар салық төлемеуі мүмкін – фейк

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде пайдаланушылар Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өзін КСРО азаматы деп санайтын Павел Смирновтың талап-арызын қанағаттандырғаны туралы ақпаратпен бөлісуде.

Сот шешіміне сәйкес, оның өзі де, пікірлестері де бұдан былай салық төлемеуге құқылы. 

Stopfake.kz ақпараттың жалған екенін дәлелдеп, жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл жаңалықтың дереккөзі – "Панорама" ақпарат агенттігі. Ол шынайы емес, сатиралық жаңалықтарды жариялайды, ал Желі оқырмандары оны жиі шын деп ойлап қалады.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот сайтында мұндай талап-арыз туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында адамдар қандай да бір бағытты ұстанатындықтан салықтан босатылатыны туралы мүлдем хабарланбаған", – деп жазады Stopfake.kz.

Айта кету керек, "КСРО куәгерлері" – бұл Ресейде құрылған деструктивті қозғалыс, соңғы жылдары ол қазақстандықтар арасында белсенді насихатталуда.

Оған кірген адамдар КСРО әлі де бар, ал туылған кезде оның барлық азаматтарына банктерде арнайы шот ашылып, оған қомақты қаржы жиналады деп ойлайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу