"Өзін қыз деп таныстырған": Қостанай тұрғыны алаяққа сеніп, 3 млн теңгесінен айырылды

493

Күдікті әлеуметтік желілерде қыз болып тіркеліп, жалған парақша ашқан. 

"Өзін қыз деп таныстырған": Қостанай тұрғыны алаяққа сеніп, 3 млн теңгесінен айырылды Фото: baq.kz

Қостанайда облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, алаяқ жергілікті тұрғыннан емге қажет деп 3 млн теңге сұраған. 

"3 сәуірде Қостанайда облыстың 27 жасар тұрғыны ұсталды. Күдікті әлеуметтік желілер арқылы алдау, сенімін асыра пайдалану арқылы жалған парақша ашып, қыздың атынан емделу сылтауымен шамамен 3 млн теңге иемденді. Танысу барысында жәбірленуші алаяққа 5 айға жуық уақыт ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелерді – банк карталарын, SIM карталарды және ұялы телефонды тәркіледі", - деді облыстық ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров. 

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу