Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

717

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады Фото: inbusiness.kz

"Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді", – деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар "Ashyq" ақпараттық платформасы арқылы анықталмақ. Осылайша, жүйе мәліметтері "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға кіру кезінде анықталған "қызыл" мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып саналады. Дәлірек айтқанда, карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазаны қолдануға себеп болады.

"Егер азамат өзінің КВИ-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", – деп жазылған хабарламада.

"Ashyq" платформасының жүктемелеріндегі мәліметтер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркелгенін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу